Көлік апатынан зардап шеккен қыздың жағдайы ауыр
Абай облысы Үржар ауданында көлік апатынан зардап шеккен қыздың жағдайы әлі ауыр.
Тоғыз жасар бала қазір жансақтау бөлімінде. Оған Семейден барған дәрігерлер күтім жасап жатыр. Ақ халаттылар баланың жағдайы жақсарса оны бірден Астанаға жіберу жоспарланып отырғанын айтуда. Айта кетейік, Бестерек ауылында көлік алты баланы қағып салдарынан үш бала қайтыс болған еді. Екі бүлдүршін санитарлық авиация бортымен бүгін Астанаға жеткізілді. Олардың денсаулығына елордалық дәрігерлер қарайды.
Мадина Ноғайбаева, Үржар аудандық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы:
- Қазіргі кезде жалғыз қалған жоқ. 24 сағат өзіміздің дәрігерлеріміз жанында. «Прием покойда» жеке дәрігеріміз, реанимацияда жеке дәрігеріміз бар. Одан бөлек, облыстық дәрігер балалар реаниматологы осында. Жолды көтере алмауына байланысты Астанаға алып кете алмады. Егер тұрақтанып жақсы болып жатса, алдағы уақытта алып кетеді.