Елде геологиялық барлау жұмыстарының ауқымы артты
Елде кең ауқымды геологиялық барлау жұмыстарының ауқымы артты, деп хабарлайды 24kz.
Бүгінде жалпы ауданы 100 мың шаршы шақырымды құрайтын 25 орын зерттеліп жатыр. Былтыр қатты пайдалы қазбалары бар 38 орын ашылды. Биылғы барлау жұмыстары 2 млн шаршы шақырымнан асты. Ал келер жылы бұл көрсеткішті 2,2 млн шаршы шақырымға жеткізу көзделген. Бұл туралы Премьер-министрдің қатысуымен өткен сирек кездесетін металдар саласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте айтылды. Жиынды Мемлекет басшысының салаға озық технологиялар мен инвестиция тарту жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы қаралды. Олжас Бектенов жұмыс істеп тұрған өндіріс орындары мен инфрақұрылымды жаңғырту, геологиялық барлау жұмыстарын кеңейту, заманауи өңдеу технологияларын енгізу және ғылыми-зерттеу базасын дамыту қажеттігін атап өтті.
Айта кетейік елде сирек метал өндіру 2,4%-ті құрайды. 2018 жылдан бері саланы мемлекеттік қаржыландыру 67 млрд теңгеге жеткен.