Жанар-жағармай нарығындағы бақылау күшейтіледі
Елдегі жанар-жағармай нарығындағы жағдай тұрақты.
Отын қоры жеткілікті. Күзгі жиын-терім науқанында халықты жанар-жағармаймен үздіксіз қамтып, мұнай өнімдерінің айналымын бақылау маңызды. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жауапты органдарға мұнай өнімдерінің заңсыз ағынына жол бермеуді міндеттеді. Ол үшін мемлекеттік шекарада бақылауды күшейту тапсырылды. Роман Скляр бақылауға қатысты егжей-тегжейлі жоспар әзірлеуді жүктеді.