Транскаспий халықаралық көлік бағытында жүк тасымалы 6 есе өсті
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша жүк тасымалы 6 есеге өсті.
Контейнерлік тасымалдардың артуына кедендік рәсімдерді автоматтандыру да ықпал еткен. Енді бір контейнерлік пойызды рәсімдеуге небәрі 30 минут кетеді, бұрын бұл процесс үш сағатқа дейін созылатын еді. Елде халықаралық көлік бағыттарын дамытуға ден қойылған. Соның ішінде Мемлекет басшысы Транскаспий халықаралық көлік бағытын ілгерілеті үшін әріптес елдермен күш біріктіру міндетін қойды. Көлік министрлігінің мәліметінше, соңғы 5 жылда бағыт бойынша жүк тасымалдау көлемі 4,5 млн тоннаға дейін өсті. Биылғы жылдың алғашқы жартысында 2,3 млн тонна жүкі өтті. Транскаспий бағыты бойынша қытай автопойыздары жүре бастады. 2024 жылы Құрық порты арқылы 3,5 мыңға жуық жүк көлігі өтті, ал биылғы жылдың алғашқы жартысында олардың саны мыңнан асты.