22 ауылда ұялы байланыстың базалық станциясы іске қосылды

Қостанай облысында 22  ауылда «Билайн Қазақстанның» базалық станциясы іске қосылды.

Бұл екі жыл бұрын байланыс операторы мен облыс әкімдігі арасында жасалған меморандум аясында жүзеге асып отыр. Екі жақты келісімнің арқасында шалғайдағы елді мекендер өркениеттің игілігіне ие. Қостанайда өтіп жатқан инвестициялық форум аясында ұйымдастырылған бұл кездеуде қос тарап ауыл тұрғындарымен тікелей байланысқа шығу арқылы оған көз жеткізді.

Осы күнге дейін интернет әлсіздігінің әуселесін тартып келген елді мекендердің бірі - Ұзынкөл ауданындағы Варваров ауылы. Енді міне ғаламтор желісі арқылы облыс әкімдігімен тікелей байланысқа шығып отыр.

Ұялы байланыс операторымен жасалған меморандумға сәйкес, облыс басшылығы 50 елді мекенде антенна матчталық діңгек орнатуды өз мойнына алған. Ал «Билайн Қазақстан» соған базалық станцияларын қойды.

Құмар Ақсақалов, облыс әкімі:

- Үш жылдың ішінде бұл жобаға бюджеттен 4,4 млрд тенге инвестиция салынды.  2024 жылы 44 елді мекенде антена құрылысы аяқталып, желтоқсан айында 15 ауыл сапалы байланыс жүйесіне қосылды. Бұл жұмысты әлі жалғасады. Қазіргі кезде 51 ауылдың жобалық-сметалық құжаты дайын.

«Билайн-Қазақстан» компаниясының басшысы қондырғыларға жер бөліп, оны орнату жағынан Қостанай облысы басқа өңірлерден озық тұрғанын атап өтті.

Рауан Қабдырахимов, «Вeeline Қазақстан» компаниясының басшысы:

- Қостанай басқа өңірлерге қарағанда көш ілгері. Қазір облыста біздің 450 базалық станция бар. Соның арқасында жарты миллионннан астам тұрғын біздің байланысты пайдаланады. Болашақта кең жолақты интернетті өз абоненттерімізге қолжетімді қыламыз.

Билайн компаниясы кезең-кезеңмен барлық елді мекенді 4G интернет желісімен қамтуды көздеп отыр.

Мағауия Қалиев, Ермек Мұхамедияров, 24KZ