Алматылық прокурорлар «Құқықтық дәріхана» жобасын қолға алды

Жоба тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруды көздейді.

Оның аясында заң өкілдері түрлі сұрақтар бойынша кеңес беріп, мәселені шешуге жәрдемдеседі. Іс-шара аптасына бір рет өтеді. Бұл жолғы қабылдау қаладағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде ұйымдастырылды. Прокуратура жобаны қараша айына дейін өткізуді жоспарлап отыр. 

Асқар Албытов, қалалық прокуратураның тергеу басқармасы басшысы:

- Сұрақтар әртүрлі, алимент жөнінде, жер туралы, үй қатынастары сұрақтарымен келеді. Құқық қорғау органдарының әрекетіне келіп арызданады. Тоқсан процент шешілді деп айтсам өтірік болмайтын шығар. Қуантатын жағдай  мына өзіңіз байқағандай алдын ала өзінің нақты сұрақтарымен келетін адамдардың саны өсіп келе жатыр. Бұл прокуратура органдарына сенімнің өсуінің көрсеткіші деп ойлаймын.