«Моңғол ралли» сайысының финалдық жарысы өтті
Шығыс Қазақстан облысында халықаралық «Моңғол ралли» сайысының финалдық жарысы өтті.
Жаһандық додаға әлемнің 20-дан астам елінен 106 команда тіркеліп, 300 қатысушы бақ сынады. Жарыс Еуропада басталған. Жүргізушілер қиын әрі ұзақ жолды еңсеріп, ақтық сынды Өскеменде аяқтады. Қазақ жеріне 106 команданың тек 57-сі ғана жете алды. Бұл жолғы раллидің шарттары ерекше. Көліктің шығарылғанына 30 жылдан асуы керек әрі ұзақ сапарға жарамсыз болуға тиіс. Ал ұйымдастырушылар ешқандай көмек көрсетпейді. Айта кетейік, шарада жиналған қаражаттың бір бөлігі қайырымдылыққа жұмсалады.
Оскар, жарысқа қатысушы:
- Мен Норвегиядан шығып, осы көлікпен Өскеменге жеттім. Алты апта бойы жүріп, 16 мың шақырымды бағындырдық. Жолда мотор да бұзылды, аспа жүйесін сынды. Тіпті жанармай багы жарамсыз болып, жүк салғыш та бұзылды. Бірақ сағымыз сынбай, қолдан жөндеп, жарысты соңына дейін аяқтадық.