Автобус жол жиегіне шығып кетіп, 14 адам ауруханаға жеткізілді
Астанада автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегіндегі сайға түсіп кетті.
Салдарынан 14 адам аруханаға жеткізілді. Оқыс жағдай Қабанбай батыр даңғылының бойында болған. Қалалық полиция департаментінің дерегінше, Mercedes маркалы автобус қызметтік көлік. Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер дәрігердің бақылауында. Басым бөлігі жеңіл жарақат алып, үйіне қайтарылған. Қалғандарына ем-дом жасалды. Ал қызметтік автобус қай компанияға тиесілі екенін полиция департаменті ашып айтпады.