Қызылордада жаңа Салық кодексі түсіндірілді

Келер жылдың 1 қыркүйегінен бастап елде жаңа Салық кодексі күшіне енеді, деп хабарлайды 24kz.

Айтулы өзгерістер жеке табыс салықтарынан бастап барлық бағытты қамтиды. Бұл туралы Қызылорда облысында өткен семинар барысында айтылды. Алқалы жиынға мемлекеттік кірістер комитетінің төраға орынбасары Жәнібек Нұржанов қатысты.

2026 жылдан бастап салық есептілігінің көлемі 30%-ке, салықтардың саны 20%-ке азаяды. Елеулі өзгерістер жеке табыс салықтарынан бастап барлық бағытты қамтиды. Қосылған құн салығының мөлшері де өзгереді.

Айнұр Сартаева, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары:

- Шекті айналым мөлшері 10 мың АЕК-ке дейін төмендетілді. Яғни, егер табысы 40 миллион теңгеден асқан болса және ол жалпыға бірдей салық режимін қолданып отырған болса, онда ол міндетті түрде қосылған құн салығының төлеушісі болып тіркелу керек. Сонымен қатар салық ставкасы 16%-ке дейін көбейтілді.  

Мамандар жер, мүлік салығына қатысты өзгерістерге тоқталды. Сонымен қатар салықтық рәсімдерді цифрландыру, талдау, есептеу жүйесін оңтайландыру секілді мәселелер де кеңінен талқыланды. Кәсіп иелерін толғандырған сауалдарға мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері жауап берді.

Роза Жаңабергенова, кәсіпорын есепшісі:

- Бізге қатысты жеке табыс салығы барлық жеке қызметкерлерге ұсталып отырған шегерімдер жөнінде біраз ақпараттарды алдық. 14 минималды АЕК 30-ға ұлғаяды екен. Соған байланысты біраз қызметкерлердің айлықтарына жеңілдік болып есептеледі.

«Салық кодексіндегі өзгерістер ел экономикасы мен бизнестегі тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған», - дейді мамандар.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Нұржан Мұзарапшин, Ақан Әлиев