Жетісу облысында экспорт көлемі 1,3% артты

Жетісу облысының кәсіпкерлері өткен 7 айда  46 млн доллардың өнімін экспортқа шығарған.  

Бұл былтырғымен салыстырғанда 1,3 процентке көп. Қазір өңірдегі 13 ірі өндіріс орыны экспорттық бағытта жұмыс істейді. Оның ішінде аккумулятор батареялары мен күн панелдерін құрастыратын кәсіпорын бар. Сондай-ақ түрлі-түсті металл өңдейтін зауыт пен  крахмал, арпа уыты және басқа да дақылдар өсіретін шаруашылықтар бар. Қазақстандық өнім негізінен  көршілес елдермен қатар Ауғанстан, Тәжікстан, Моңғолия, араб мемлекеттеріне жөнелтіледі.

Ерқанат Қажымұқанұлы, облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары:

- Экспортты жақсарту мақсатында кәсіпкерлерге «KAZ INDUSTRY», «KAZ EXPORT» бағдарламалары бойынша қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар біз жыл басынан бері кәсіпорындарымызды шетелде болып жатқан эксполарға, выставкаларға қатыстыруға мүмкіншіліктер жасап жатырмыз.