Түркістан облысында 1 млн га жер мемлекетке қайтарылды
Түркістан облысында соңғы үш жылда 1 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Биыл қосымша 110 мың гектар жер учаскесін де қайтару жоспарланған. Бұл жерлер кезінде ауыл шаруашылығы мақсатында жеке тұлғаларға беріліп, жылдар бойы пайдаланылмай келген. Жергілікті атқарушы және құзырлы органдар бос жатқан жерлерді шаруаларға береді. Жайлымдық жерлерді қайтару екі бағытта жүргізіледі.
Ерғали Тілеген, Жер қатынастары басқармасының басшысы:
- Бірінші республикалық бағытта берілген тапсырма 110 мың гектар, жұмысшы топпен анықталған жер ол аудан-қала әкімдіктері тарапынан қайтаруы керек жер көлемі 224 мың гектар, жер инспекциясы департамент арқылы қайтарылатын жер көлемі 148 мың гектар жер.