Ақкөлде ауқымды экологиялық акция өтті
Бүгін Ақкөл қаласында да «Таза Қазақстан – Таза Өлке» атты ауқымды экологиялық акция өтті.
Оған мемлекеттік қызметкерлер, еріктілер, қоғамдық бірлестіктердің белсенділері, «Жасыл ел» жасақтарының мүшелері және жергілікті тұрғындар қатысты. Жиналғандар Ақкөлдің ең көрікті жері Телемұнара маңындағы 10 гектар аумақты қоқыстан тазартты.