Мақсат Үргенішбаев «24KZ» телеарнасының директоры лауазымына тағайындалды
Жаңа лауазымға «Хабар» Агенттігінде 2005 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан Мақсат Үргенішбаев ие болды.
Бұған дейін Мақсат Ғалиханұлы «24KZ» телеарнасының Бағдарлама қызметінің директоры болып қызмет атқарған. Сондай-ақ ол ҚР Премьер-министрі, ҚР Парламенті Мәжілісінің Құрмет грамоталарына ие болып, «Ақпарат саласының үздігі» және «Хабар» Агенттігі» АҚ төсбелгісімен марапатталған.