Өнеркәсіп және құрылыс министрі шахтерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев тау-кен және кен өндіру саласының мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды 24kz.

Ведомство басшысы саланың 20 көрнекті өкілін «Құрмет» және ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» ордендерімен, сондай-ақ «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады. Бүгінде тау-кен өнеркәсібінде 140 мыңнан астам маман қызмет етіп жатыр. Қарағанды және Шахтинск, Сарань және Абай, Теміртау мен Хромтау, Екібастұз бен Риддер, Рудный мен Лисаковск сияқты қалалар ірі еңбек ошақтары саналады.

Нұрбол Сембин, Нұрқазған кенішінің туннель учаскесінің үңгушісі:

- Бұл салада жер астында жұмыс істегеннен кейін сол жағынан қиындау. Таза ауа емес. Жердің асты. Тасты өндіріп, бұрғылап жарып шығу өте ауыр деп есептеймін. Басшыларымыздың жұмыстары, өз әріптестеріміз істеп жатқан, сол кісілердің көмегі осы дәрежеге жетіп жатқаным.

Жанат Игисинов, ҚР ӨҚМ Өнеркәсіп комитетінің басқарма басшысы:

- Негізгі мақсатымыз – барлық ауыл-аймақтарды, елді мекендерді, қалалар мен аудан орталықтарын көмірмен қамтамасыз ету. Яғни, жаңағы теміржол тұйықтары бар. Қоймалар бар, солардың бәрін көмірмен жабдықтау.