Елдегі ең биік көпір құрылысы қашан бітеді?
Елдегі ең биік көпір құрылысы екі айға кешігіп тұр.
Себебі жобалау кезіндегі геологиялық зерттеулерден қате кеткен. Дегенмен, қазір мердігер қосымша жұмыс күшін тартып, кемшілікті жойып үлгерді. Бұл көпір Өскемен-Алтай-Қатонқарағай бағытындағы қауіпті серпантинді айналып өтетін тас жол құрылысының ең күрделі учаскесі саналады. Бұған дейін де бірнеше жыл бұрын басталған жол құрылысы біраз уақыт тоқтап тұрған еді. Кейін қайта жанданды.
Өскемен-Алтай Қатон-Қарағай бағытындағы жол құрылысы облыстағы ұзаққа созылған жобалардың бірі. 9 жыл бұрын басталып, қағазбастылық салдарынан тоқтап, осыдан 2 жыл бұрын қайта жанданды. Қазір ең қиын бөлігі еңсерілді.
Эльмира Ахметова, тілші:
- Еліміздегі күрделі инфрақұрылымдардың бірі мына мен тұрған жақпен анау тау арасын жалғайтын көпір салынып жатыр. Ұзындығы 175 ал биіктігі 42 метр болатын өткел Пихтовка өзенінен үстімен өтеді.Осының алдында келгенде ғана жерді дайындау жұмыстары жүріп жатқан еді, енді мінеки алғашқы тіреушітер де қойыла бастапты.
Дәл осы сарқыраған тау өзенінің үстімен өтетін өткелді жобалау кезінде геологиялық зерттеулер дұрыс жасалмаған дейді, мердігер. Топырақтың тығыздығы мен ылғалдылығы ескерілмеген. Салдарынан жаңадан салынған құбырдан ақау шыққан.
Саяхат Мұсапыров, "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" облыстық филиалының бөлім басшысы:
- Екі бұзушылық анықталды. Жаңадан салынып жатқан құбырдың отырып кетуі анықталды, қазір енді мердігерлер мен бұл құбыр қайта салынды.
Салғырттық көпір құрылысын екі жарым айға баяулатты. Дегенмен, қазір қосымша бригада жұмылдырылып, тау ішіндегі жұмыс жанданды.
Александр Андрейчук, мердігер мекеменің директоры:
- Геологиялық барлаудың дұрыс жүргізілмеуі шаруаны екі жарым айға кешеуілдетті. Дегенмен, амалын тауып қосымша бригада жалдап құрылысты тоқтатпай, жеделдетіп жатырмыз. Жалпы бұл инфрақұрылымды салу оңай емес. Осыдан екі жыл бұрын кіріскен едік. Қазіргі қарқынымыз жаман емес.
Тапсырыс беруші тарап қаражат жетіспеушілігі жоқ, сондықтан бұл іс межелі уақытында аяқталу керек,- дейді. Қатты боранда жиі жабылып қалатын бұл учаске жолаушылар үшін аса маңызды.
Алтай Сәркен, "Қазавтожол" ҰК ШҚО филиалы директорының орынбасары:
- Мердігерге биылғы жылға толқытай бітіріп, мостпен жүруді ашуды талап етіп отырмыз. Осы Осинов өткелі осы күнеге дейін үнемі жабылып келген еді, енді мосты бітірген жағдайда онымен жүріп өтуге ешқандай шектеу қойлымайды деп үміттенеміз.
Көпір құрылысының 40 проценті бітті. Жолдың басқа учаскелерінде асфальт төселіп жатыр. Күн райы кедергі келтірмесе, құрылысшылар жобаны жыл соңына дейін толық аяқтаймыз деп сендірді.
Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов