Жаңаөзенде жалпықалалық экоакция өтті

Маңғыстау облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында екі мыңға жуық тұрғын жалпықалалық тазалық жұмыстарына шықты.

Жаңаөзендегі эконауқанға 40-қа жуық техника жұмылдырылды. Шараға қаладағы өндірістік кәсіпорындар, мемлекеттік, коммуналдық мекемелер және әлеуметтік сала қызметкерлері қатысты. Табиғат жанашырлары аумақты күл-қоқыстан тазартып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. 

Жансейіт Қайнарбаев, Жаңаөзен қаласының әкімі:

- Осыған дейін Таза Қазақстан аясында 400 тоннаға дейін қоқыс шығарылған болатын. Онның үстінде сенбіліктер мен тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. 120-ның үстінде әр түрлі деңгейдегі техникалар ұйымдастырылған болатын.

Армат Жүсіпқалиев, Маңғыстау облыстық Экология департаментінің басшысы:

- Заңсыз қоқыс анықталды. Жергілікті атқарушы органға тапсырмалар берілді. Қазіргі таңда жойылмаған қоқыстар бойынша Жаңаөзен қаласындағы ЖКХ бөлімінің басшысы әкімшілік жазаға тартылды.