Елордада 80-нен астам мектеп автобусы тексерілді
Тәртіп сақшылары жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, балаларды тасымалдау ерекшеліктері мен жас жолаушыларға ұқыпты қарау жайын түсіндірді, деп хабарлайды 24kz.
Сондай-ақ Астанадағы барлық мектеп маңындағы жолдар тексеріліп, жол инфрақұрылымы қаралды. Анықталған кемшіліктер бойынша жергілікті атқарушы органдарға нұсқама берілді. Сөйтіп, 100-ден астам жол белгісі қалпына келтірілді. 2 бағдаршам орнатылып, 20-дан астам нысанда жасанды кедергілер мен жылдамдықты төмендету белгілері қойылды.