Сәтбаевта кеншілер мен байытушылар мерекесіне арналған концерт өтті
Сәтбаевта кеншілер мен кен байытушылар күніне орай отандық эстрада әншілерінің қатысуымен мерекелік концерт өтті.
Орталық алаңға жиналған қала тұрғындары мен қонақтары мәртебелі мамандық иелеріне құрмет көрсетті.
Мереке қарсаңында «Қазақмыс» корпорациясы кеншілер мен байытушылардың балалары арасында «Жас дарын» байқауын ұйымдастырған. Ел ішіндегі талантты жастарды қолдауға бағытталған шараға мыңдаған өнерпаз қатысты. Солардың арасынан үздік шыққан финалистер мерекелік концертте эстрада жұлдыздарымен бір сахнада өнер көрсетті.
Санжар Бейбіт, "Жас дарын" байқауына қатысушы:
- Дастан Оразбеков ағамызбен ән айтқан өте жақсы екен. Бұл мен үшін үлкен мәртебе, үлкен қуаныш. Мен өскен кезде осы Дастан ағамыздай жұлдыз болғым келеді. Ұйымдастырушыларға, Қазақмысқа алғыс айтамын.
Мансұр Мадимхан, "Жас дарын" байқауына қатысушы:
- Көңіл-күйім керемет. Бүгін мен Садраддинмен өнер көрсеттім. Садраддиннің ана деген әнін айттық. Мен өте қуаныштымын. Садрадинмен бірге тұрып ән айту менің арманым болған.
Кеншілер күні Сәтбаев тұрғындары үшін отбасылық мереке десе болады. Себебі мұндағы әр шаңырақтың кем дегенде бір мүшесі осы салада еңбек етеді. Жеті қат жер астынан кен қазған жандардың мерекесі үнемі ерекше аталып өтеді. Елге танымал әншілердің қатысуымен ұйымдастырылған концерт компания басшылығының қала тұрғындарына арнаған мерекелік сыйы.
Серік Айбеков, Сәтбаев қаласының тұрғыны:
- Осы праздникті жыл сайын күтеміз. Өзіміздің, осы қаланың родной празднигі ғой. Кеншілер күні құтты болсын. Корпорацияға организовать етіп жатқан алғысымызды білдіреміз. Кеншілердің еңбегі ғой шахтаның астында жұмыс істеп жатқан.
Бекзат Кеңгірбаев, Сәтбаев қаласының тұрғыны:
- Жыл сайын күтіп тұрамыз. Осы Қазақмыс корпорациясына көп-көп рақмет. Еңбектерімізді елеп, бағалы сыйлықтар беріп, баспанасыз жүрген адамдарға көмек қолын созып жатқанына. Концерт жақсы өтіп жатыр. көңілімізден шығып жатыр.
Концертте жергілікті өнерпаздар да өнер көрсетті. Мерекелік шара отшашумен түйінделді.
Елдос Кәкенов, Нұрдәулет Аманкешов