Азаматтар ХҚКО-ға онлайн жазыла алады
Енді азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталығына бару уақытын өздері таңдай алады, деп хабарлайды 24kz.
Пилоттық жоба бүгіннен бастап елдің 3 өңірінде, атап айтқанда, Шығыс Қазақстан, Абай және Ақтөбе облыстарында іске қосылады. Ол үшін «ЦОН» мобильді қосымшасы, электрондық үкімет порталы немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы кезекке тұруға болады. Сынақ кезеңі 30 қарашаға дейін жалғасады. Одан бөлек, дайын құжаттарды алу және өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары да алдын ала тіркелусіз қызмет көрсетеді.