Агроөнеркәсіп жалпы өнімінің көлемі 3,7%-ға өсті

Жыл басынан бері азық-түлік өнімдерінің өндірісі 9 пайыздан асып, 2,13 трлн теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығына 400 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Ал азық-түлік өнімдері өндірісіне 104 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді. Бұл қаражат саланы жаңғыртып, заманауи құрал-жабдықтарды енгізуге бағытталды.

Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында тікелей субсидиялаудан қолжетімді несиелеуге көшудің және коммерциялық банктердің қаражатын тартудың маңызын атап өтті. Осының нәтижесінде 2024 жылдан бастап жылдық ставкасы 5%-дан аспайтын жеңілдетілген несие беру бағдарламасы іске қосылды. Бұл бюджет пен жеке қаражат көздерінің ресурстарын біріктіру арқылы мүмкін болды.