Үлескерлерді қорғаудың жаңа тетіктері енгізілді
Құрылыс компанияларына бірыңғай оператор кепілдігін алу талаптары жеңілдетілді, деп хабарлайды 24kz.
Енді компанияларға тәжірибе бойынша қойылатын талап 3 жылдан 2 жылға дейін азайтылды. Бірыңғай оператордың кепілдігі үлескерлердің құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ заңдағы жаңашылдықтар құрылыстың ашықтығын қамтамасыз етеді. Бұдан басқа бірыңғай оператордың рұқсатынсыз не кепілдігінсіз құрылысқа заңсыз қаражат тартқан және оны жарнамалаған компанияларға айыппұл 300-ден 2000 айлық есептік көрсеткішке дейін өсті.
Еске салайық, биыл 30 маусымда тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу бойынша заңға түзетулер енгізілді. Ол үлескерлік құрылыстағы түйткілдерді реттеуге бағытталған.
Айта кетейік, бүгінде республика бойынша 41 проблемалық құрылыс нысаны бар.
Руслан Лепесов, қала құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық саясат департаментінің директоры:
- Мысалы, Алматыда 4 нысан, Қарағандыда 3 нысан, Ақтөбе 12, Ақмолада 13, Атырауда 5, Маңғыстауда 6, СҚО-да 1, ШҚО-да 2, Павлодарда 1, Алматы облысында 3, Абай облысында 1 нынан. Жалпы үлескердің саны 4 адам. Республика бойынша бізде Жұмыс картасы бар. 2026 дейінгі жылда біз проблемалық нысандарды аяқтаймыз.