Президент Жолдауындағы міндеттер: мемлекеттік қызметтердің 92%-ын онлайн алуға болады
Цифрлық технологиялар көлеңкелі экономикадан 28 млрд теңгеден астам қаражатты шығарды.
Цифрландыру мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырып, әкімшілік және сыбайлас жемқорлық кедергілерді азайтуға мүмкіндік берді. Осылайша, 13 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі 20 есе қысқарды. Цифрлық трансформациялау аясында сандық өнімдерді жедел жасауға арналған QazTech ұлттық платформасы әзірленді. Бұл модель жаңа ІТ-шешімдерді енгізу мерзімін 3 жылдан 6 айға дейін қысқартуға мүмкіндік берді.
Жаслан Мәдиев, Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:
- Қазақстан цифрландыру бойынша әлемдегі 193 елдің ішінде 24-орында тұр. Ал онлайн қызметтер индексі бойынша топ он елге кіреді. Қазір мемлекеттік қызметтердің 92%-ын онлайн алуға болады.