Елдегі баспана бағасы қанша?

Ұлттық статистика бюросы баспана бағасына сараптама жасады.

Сонымен шілде айындағы қорытындыға сай, ел бойынша тұрғын үйдің шаршы метрі орта есеппен 528 559 теңге болып отыр. Әрине, әр өңірде баға әрқалай. Ең қымбатын айтайық, Алматыда баспананың шаршы метрі 647 728 теңгеге жеткен. Астанада 595 539 теңге, Атырауда 512 205 теңге болып отыр. Бұл бастапқы үштік болса, осы тізімді Шымкент қаласы жалғайды. Онда баспананың әр шаршы метрі 502 636 теңгені құрайды. Құрметті көрермен бұл бастапқы баспананың құны екенін айта кетейін. Сондай-ақ қай өңірде баспана өзге аймақтармен салыстырғанда арзан? ТОП-5 тізімді келтірейін: Оралда жаңа пәтерлердің шаршы метрі орта есеппен 286 288 теңге; Ақтөбе 309 593 теңге. Одан соң Көкшетау, Түркістан, Петропавл қалалары ілеседі.

Баспана бағасы

2025 ж. шілде айы

Қазақстан   528  559 ₸/м²

Алматы     647  728 ₸/м²

Астана      595  539 ₸/м²

Атырау     512  205 ₸/м²

Шымкент 502  636 ₸/м²

Баспана бағасы

2025 ж. шілде айы

Орал 286 288 ₸/м²

Ақтөбе 309 593 ₸/м²

Көкшетау 331 988 ₸/м²

Түркістан 338 637 ₸/м²

Петропавл 359 794 ₸/м²