Жер заңнамасын бұзғандар жазаланды

Елде 61 жер қойнауын пайдаланушы заңды бұзғаны үшін лицензиядан айырылды.

Үкімет Президент Жолдауында айтылған «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыра отырып, жер қойнауын пайдалану саласындағы келісімшарттардың орындалуын бақылауды күшейткен. Тиісті тексерістердің нәтижесінде 37 келісімшарт бұзылып, 61 лицензия қайтарылған. Сонымен қатар заң бұзған компанияларға 910 млн теңге айыппұл салынды. Ал Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары еліміздің 4 өңірінде пайдалы қазбаларды заңсыз өндірудің жолын кесті. Айта кету керек, биыл үшінші тоқсанда тағы 350 хабарлама жолданып, 65 тексеру жүргізу жоспарланып отыр.Тәртіп орнатумен қатар ашықтық қағидатына басымдық беріледі. Биыл 41 жер қойнауы учаскесі бойынша өткен электронды аукциондардан бюджетке 27,8 млрд теңге түсті.