Қызылорда облысында 33 гектар тұқымбақ егілді
Мемлекет басшысының Жолдауында елемізде 2 миллиард түп ағаш егу тапсырылғаны белгілі.
Осыған орай Қызылорда облысында 2021-2027 жылдарға арналған орман өсірудің кешенді жоспары бегітілген. Сонымен қатар, Қазалы ауданында Дүниежүзілік банк қаржысы есебінен 33 гектар аумаққа тұқымбақ салынды. Тұқымбаққа сексеуіл көшеті, сәндік ағаш, жеміс талдары егілді. Жерді тыңайту және қоршау жұмыстары да атқарылды. «Қазіргі таңда тиісті техника сатып алынған. 47 адам жұмысқа орналасты»,-дейді мамандар. Бұл жерде дайындалған көшеттер Арал теңізінің құрғап қалған табанына егіледі.
Қайрат Жансұлтанұлы, Табиғи ресурстар және ТПР басқармасы басшысының орынбасары:
- Тиісті жұмысшылар берілді. Қазіргі таңда 20 гектарына сексеуіл көшеттерін отырғызып, ол көшеттерді біз ұлтанға егетін боламыз.