Сайрам ауданында ҚХА-ның І сессиясы өтті
Қазақстан халқы Ассамблеясы – еліміздегі бейбітшілік пен бірліктің берік діңгегі.
Түркістан облысының Сайрам ауданында ассамблеяның І-ші сессиясы өтті. Онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы ассамблеяның 34 сессиясында берген тапсырмаларын орындау барысы талқыланды. Алдағы атқарар жұмыс жоспары бекітіліп, нақты міндеттер жүктелді.
Сессия жұмысына облыстық қоғамдық даму басқармасының басшылығы, аудандық Ассамблея және үкіметтік емес ұйым мүшелері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен жастар ұйымдары қатысты. Жиында аудандық ҚХА-ның кеңесі өтіп, онда ассамблеяның жаңа құрамы бекітілді.
Ерназар Баетов, облыстық Қоғамдық даму басқармасының Қоғамдық келісім КММ басшысының орынбасары:
- Оның құрамына өңірлік, аудандық ассамблея жанындағы этнобірлектік төрағалары, мүшелері, құрылымдардың төрағалары мен мүшелері және аудандық әкімдік мүшелері енді. Ассамлея сессиясының негізгі мақсаты - ҚХА-ның өңірлік жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру.
Жиында ассамблеяның этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайту бағытындағы атқарар жұмыс жоспары бекітілді. Этномәдени бірлестік мүшелері өз ұсыныс-пікірлерін айтты. Мемлекетіміздің тұтастығын сақтау, халықтың татулығы мен ауызбіршілігін нығайтуға баса мән берілуде.
Нұрсұлтан Сейтжанов, облыстық Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары, Ассамблея хатшылығының меңгерушісі:
- Бірлікті, ынтымақтастықты, отансүйгіштікке жастарды тәрбиелейтін көптеген іс-шаралар өтетін болады. Ол бойынша тиісті тапсырмалар беріліп, талқыланды. Алдағы уақытта ассамблея өз жұмысын көрсететін деген сенімдеміз. Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес, жұмысты әрі қарай жалғастыратын болады.
Бүгінде Ассамблея болашақ ұрпаққа бейбітшілік пен келісімнің өнегесін ұсынатын бірегей институтқа айналып отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай облыс әкімінің қолдауымен 40-қа жуық этнос өкілі тұратын Сайрам ауданында «Достық үйі» ашылатын болды.
Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш, 24KZ