AFD 2025 аясында «Сенім музейі» ашылды
Astana Finance Days форумы аясында «Сенім музейі» таныстырылды.
Бұл «Астана» халықаралық қаржы орталығының бірегей бастамасы дейді ұйымдастырушылар. Жоба Қазақстандағы қаржы жүйесінің қалыптасу тарихын,, Ұлы Жібек жолы кезеңіндегі көне дәуірден бастап, заманауи биржалар мен қаржылық экожүйелердің қазіргі сәтіне дейін суреттейді. Музей экспозициясы түрлі экспонаттардан тұрады, онда артефактілер, мұрағаттық құжаттар, фото және бейнематериалдар, ақпараттық стендтер мен интерактивті инсталляциялар орналасқан. Музейдің әрбір залы тарихтың жеке кезеңдерінен сыр шертеді.
Оля Веселова, «Сенім музейінің» арт-кураторы:
- Біз бұл тақырыпты біраз зерттедік. Себебі біріншіден, кез-келген музей - ол зерттеу институты саналады. Бизнестегі қарым-қатынастардың, әр келісімшарттың артында сенім түсінігі тұрады. Яғни сенім орнамайынша ешбір адам бизнеске қаржысын салмайды. Сондықтан бұл құндылықтың маңызы зор. Музейіміздің экспозициялары арқылы осы феноменді көрсеткіміз келді.