Елде есірткі қылмысы 2,8% артты
Елде жыл басынан бері есірткі қылмысы 2,8% артқан, деп хабарлайды 24kz.
Сондай-ақ синтетикалық заттардың ғаламтордағы саудасы да өршіп тұр. Бұл туралы Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов мәлімдеді. Мамандар интернет кеңістігін бақылау үшін тиісті ақпараттық жүйелерге жасанды интеллектіні енгізуді қолға алған. Қуандық Әлжановтың айтуынша, есірткі бизнесімен күресу үшін алдағы 2 жылға арналған кешенді жоспар қабылданып отыр.
Қуандық Әлжанов, ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары:
- «Ғаламтор мониторингі» жұмыстарына еліміздің жетекші IT-компаниялары мен қоғамдық ұйымдардың мамандары тартылып жатыр. Бүгінде «Телеграм» мессенджерінің өкілдерімен бірлесіп, күдікті аккаунт иелерін анықтауды бастап кеттік. Жалпы бүгінге дейін есірткі саудасына арналған 170 интернет-платформасы анықталды. Ал синетикалық заттардың бизнесі үшін пайдаланылған 44 мыңнан астам банк шоты бұғатталды.