Мұнайлы ауданында «Келешек мектептері» аясында жаңа білім ұясы ашылды
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында жаңа мектеп пайдалануға берілді.
Оның құрылысы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы арқылы жүзеге асқан. Жаңа нысанда 61 бөлме, оның ішінде робототехника, СТЕМ, дизайн және визуалды өнер сынды кабинеттер бар. Сондай-ақ ерекше білімді қажет ететін балалар үшін сенсорлық және инклюзивті бөлме қарастырылған. Мұнда 12 зерттеуші, 21 сарапшы, 57 модератор мен 4 жас маман жұмыс істейді. 1200 оқушыға арналған білім ордасының бірінші сыныбына биыл 155 оқушы қабылданды.
Рүстем Юсупов, мұғалім:
- Стем инженерияға қатысты сосын физиканың өзіне қатысты зертханалық жұмыстар, сабақ барысында демонстрация жасайтын құрал-жабдықтың бәрі бар. Кабинеттердің өзі заманауи жабдықталған. Сабақ барысында дедактикалық ретінде электронды тақтаны, зертханаға қатысты құралдың бәрін пайдаланып, сабақ барысында оқушыларға білім беріп жатырмыз.