Елде азық-түлік бағасы тұрақты
Қазақстанда төрт апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы өспеді.
Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Жиында инфляцияға әсер ететін факторлар талқыланып, оны тежеу шараларын әзірлеу жайы сөз болды. Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айтуынша, тамыз айында жылдық инфляция 12,2%-ға жетті. Оған ақылы қызметтер қатты әсер етіп отыр. Азық-түлік емес тауарлар бағасы орта есеппен 1%-ға өсті. Азық-түлік инфляциясы биылғы екінші тоқсаннан бері екі есе баяулап отыр. Тамыз айында ол небәрі 0,5%-ды құрады. Төрт апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы өзгеріссіз қалып отыр. Бұл көрсеткіш жыл басынан бері алғаш рет олардың индексін 7,8%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.
Тамыз айындағы инфляция – 12,2%
Азық-түлік емес тауар – 1%
Азық-түлік – 0,5%
Индекс – 7,8%