Алматыдағы тау бөктерінде 200-ге жуық адам құтқарылды
Кейінгі бес жылда республикалық жедел-құтқару жасағы Алматы төңірегінде 400 рет тауға шыққан. Мамандардың айтуынша, туристер Аюсай, Кіші Алматы, Бутаков, Талғар шатқалдарына және Асы үстіртіне жиі барады.
Оқыс оқиғалардың басым көпшілігі жаз мезгілінде болады. Былтыр құтқарушылар 200-ге жуық азаматқа көмек көрсетті. Биыл 19 адам құтқарылды. Бес жыл ішінде тау бөктерлерінде жиырмаға тарта адам опат болды.