389 отбасыға тауарлық несие берілді
Бұдан бөлек «Ауыл аманаты» шеңберінде тауарлық несие беруді жолға қою, ауыл тұрғындары өндірген өнімді өңдеу және өткізу бойынша инфрақұрылым құрып, азаматтарды агроөнеркәсіп технологияларына үйрететін орталықтар ашу тапсырылды.
Осыған сәйкес тауарлық несие беру бойынша жол картасы әзірленді. Тауарлық несие мал, жабдықтар, көшеттер мен басқа да өнім түрлері арқылы беріледі. Бұған агроөнеркәсіп субъектілерімен қатар, жеке тұлғалар, жұмыссыздар мен атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар қол жеткізе алады. Биылғы маусым айындағы жағдай бойынша елдегі ірі және орта тауар өндірушілер 309 жылқы, 3 мың 324 ірі қара, 4 мың 800 қой-ешкі мен 6 түйені тауарлық несие ретінде берді. Бұл несиелерді 389 отбасы алды. Олардың ішінде 34 атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы бар. Сондай-ақ тауарды өндеп, өткізетін жобаларды қаржыландыру бойынша микро-несиелдендіру және лизниг беру механизмі бекітілді. Бүгінде елде осындай 29 орталық бар. 2030 жылға дейін олардың саныН 40-қа жеткізіп, жылына 110 мың адамды қамту көзделген.