«Келешек мектебінің» мүмкіндігі мол
«Келешек мектептері» жобасы бойынша Батыс Қазақстан облысында 4 мектеп тапсырылса, жыл соңына дейін тағы 5 білім ордасының құрылысы аяқталады. Жаңа білім ордаларында теңқолжетімділік және инклюзивті қағидаттар ескерілген.
Яғни әр оқушы мүмкіндігі мен ерекшелігіне қарамастан өзгелермен бірдей білім алады. Мұндай мектептерде әр бала қоғамның толық мүшесі ретінде танылады. Мәселен, Оралдағы №52 мектептегі 1503 шәкірттің 32-сі ерекше білім беруді қажет ететін балалар. Олармен арнайы педагогтар, дефектологтар, логопедтар, психологтар жұмыс істейді. Бұл ортада оқушылар бір-бірін қабылдауға, қолдауға, құрметтеуге үйренеді. Мектеп балалардың еркін қозғалуына қажетті инфрақұрылыммен, яғни пандус, лифт, арнайы сыныптармен жабдықталған.
Нұрлы Ғабдрахимова, №52 мектептің педагог-психологі:
- Тең қолжетімділік дегенімізге тоқталатын болсақ, әр баланың ерекшелігіне қарамастан, тең бірдей құқылы білім алу. Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс құм терапиясы, ұсақ моторикасын дамыту, құрғақ бассейн және де батуттармен біздің мектебімізде жабдықталған.