10 мың шақырым жол орташа жөндеуден өтеді

Мемлекет басшысы былтырғы Жолдауында 10 мың шақырым облысаралық және ауданаралық жолдарды орта жөндеуден өткізуді тапсырды. Жобаға 450 миллиард теңге қаржы тартылды. 

Қазір 5 мың шақырым автожолда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Оған қоса, жолдарды басқару үшін «E-Joldar» бірыңғай цифрлық платформасы әзірленді. Оның негізгі қызметінің бірі жол саласын дамытуда ашықтықты қамтамасыз ету және жол активтерін сенімді бақылау. Одан бөлек, Президент әуе кеңістігі арқылы тасымалданатын жүк көлемін екі есе ұлғайту бойынша бірқатар міндет жүктеді. Өткен жылы жүк айналымы 27,8 мың тоннаға жеткен. Әуежайларда өңделген жүк көлемі де 18 пайызға өсіп, 171 мың тоннаны құрады. Бүгінде Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды және Ақтау қалаларында мультимодальды авиахабтар құрылып жатыр. Олар елдің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.