ЖИ қандай салаларға енгізіледі?

Нейрожелі елдің барлық саласында кең етек жаяды. Президент Жолдауда әр секторға жеке тоқталды.

Әлеуметтік саладан бастасақ, Президент мемлекеттен көмек алып отырғанның бәрі мұқтаж емес деп кесіп айтты. Оған қоса толық емес отбасы деген санат қосылғалы ажырасу көбейіп кеткенін еске алып, осы ретте деректерді талдауға мән беруді тапсырды. Енді бұл бағытқа жасанды интеллект тартылады. Жоғары технологиялар енгізілген Демографиялық үдерістерді талдау және болжау орталығын құрылады. Нейрожелі медициналық қызметтердің сапасына және көлеміне мониторинг жүргізетін жаңа жүйе қалыптастырады. Сондай-ақ Үкіметке су ресурстарының бірыңғай цифрлық платформасын жасау міндеті жүктелді. Бұл технология тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына да енуі мүмкін. Көші-қон ағымының есебін жүргізетін бірыңғай цифрлық жүйе енгізу мәселесі де көтерілді. Ал маман дайындау мәселесі мектепте басталады. Жасанды интеллект пәннің негіздері туралы бағдарлама және оқу материалдары әзірленеді.