780 мың азамат 85 мың теңге айлық алады
Елдегі ең төмен жалақыға 780 мың азамат жұмыс істеп жүр.
Яғни олардың еңбекақысы 85 мың теңгені құрайды. Бұл туралы бүгін Мәжілісте белгілі болды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің айтуынша елде тіпті 80 мың теңгеге жетпейтін жалақыға жан бағып жүргендер де бар. Ресми статистика бойынша, Қазақстандағы 329 азаматтың еңбекақысы елдегі ең төменгі айлық мөлшерінен де аз. Дегенмен бұл статистиканың артында заң бұзып отырған жұмыс берушілер де баршылық. Олар салықтан жалтару үшін жұмысшыларының жалақысын банк картасына емес, әдейі қолма-қол береді.
Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
- Бұның ішінде бірнеше санат бар. Біріншіден, талдау жүргізгенде ірі кәсіпорындардың салықтан жалтару үшін, атаулы төлемдерді республикалық бюджеттен тыс қорларға аударымдардың төлемін азайту үшін 85 мыңды төлеп, басқасын конвертке беретіні бәріңізге мәлім. Негізгі төлемдерден ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін азаматтардың ең төменгі жалақы алып отырғаны мәлім.