Жыл соңына дейін Цифрлық кодекс қабылданады

Елде цифрлық кодекс қабылданады. 10 тарауды қамтитын құжатты жыл соңына дейін қабылдау көзделді.

Бұл туралы Президент Жолдауын іске асыру бойынша ұйымдастырылған отырыста Мәжіліс депутаты мәлімдеді. Марат Бәшімовтің айтуынша, қазір құқықтық тұрғыдан реттелетін заманауи база әзірлеу ісі қолға алынды. Ол халықаралық тәжірибеге сай әрі нарықтың қажеттілігі мен азаматтардың мүддесін ескере отырып дайындалады.

Марат Бәшімов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Цифрлық кодекстің маңызы ол барлық саланы қоғамда мақсат етіп қойып отыр. Біздің халықтың өмірін жеңілдетуде. Оның экономикаға әсері бар. Ол бүкіл қарым-қатынастарға, тіпті жемқорлықпен күресте де өте маңызды.

Ислам Сұңқар, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Жасанды интеллект адаммен пара-пар болмайды. Оны түсініп алуымыз керек. Адамның жаны бар, тұлғасы бар деген секілді. Ал жасанды интеллект тек құрал ретінде пайдаланылады. Білім алуға көмекші ретінде, өз өмірімізді тиімді етуге мүмкіндік ашылып отыр. Егер біз оны түсінсек және онымен жұмыс істей алсақ, өзімізге дағды қалыптастырсақ, онда осындай тәуекелдер жоқ деп санаймын.