Kazinform агенттігіне 105 жыл
Қазақстан жылнамасының жаршысы Kazinform агенттігіне 105 жыл.
Ғасырлық тарихы бар елдегі ең көне ақпарат көзі бүгінде халықаралық деңгейде хабар таратады. Kazinform түрлі платформаларда тәулігіне мыңнан астам ақпарат жариялайды. Мәтіндер 5 тілде жарыққа шығады. Агенттіктің 11 мемлекетте меншікті тілшісі бар. Жарияланған материалдарды тәулігіне 500 мыңнан астам оқырман оқиды. Мерейлі мерекеге орай Астанадағы Президенттік орталықта салтанатты жиын өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев агенттік ұжымына құттықтау хатын жолдады. Сондай-ақ, мекемеге еңбегі сіңген қызметкерлер марапатталды. Салтанатты іс-шара аясында арнайы кітаптың тұсауы кесілді. Онда Kazinform агенттігінің тарихы мен цифрлық даму кезеңінде ақпарат агенттіктерінің жұмысы жайлы мәлімет қамтылған.
Асқар Жалдинов, Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені директорының орынбасары:
- Бір жылдың ішінде оқырман саны 500 млн-нан асты. Одан басқа бізді 172 мемлекет оқып жатыр. Күнделікті бақылап, қарап отырған кезде жалпы географиясы үлкен. Бұдан басқа бізді ақпаратты басқа ақпараттық агенттіктер, басқа БАҚ-тар бүкіл әлемде бізде Қазақстан бойынша, Орталық Азия бойынша бізден алып отырады. Даму бағыты үлкен. Біздің ойымызша Kazinform потенциалы Орталық Азияны түгел қамту.