Банктік деректерін бәз біреулерге бергендер 7 жылға қамалуы мүмкін

Біздің елде де дропперлерге қатысты заң күшейтілді. Енді банктік деректерін бәз біреулерге бергендер 7 жылға қамалуы мүмкін. Жауапкершілік 16 қыркүейктен бастап күшейеді. Қылмыстық кодекске сәйкес мұндай әрекетке барғандар алаяқтық схемалардың сыбайласы ретінде қарастырылады.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Қылмыстық кодекстің 232-бабына сәйкес, дроппер бұл өз есепшотының деректерін қылмыстық мақсатта пайдалануға беретін адам. Көбіне мұндай деректер заңсыз жолмен табылған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру үшін қолданылады. Биыл 61 кибер топтың әрекеті әшкереленіп, 217 дроппер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Құзырлы органдар, 2,9 млрд теңгеден астам сомаға күдікті транзакция бұғаттады.