108 заңсыз қоқыс полигоны анықталды

Ақтөбе облысы аумағында 108 заңсыз қоқыс полигоны анықталды.  

Жергілікті биліктің ұйымдастыруымен жыл басынан бері 39  учаске тазартылды. Экология департаментінің мамандары рұқсат етілмеген қоқыс орындарын іздеуді жалғастыруда. Бұл жолы Сазды ауылының маңындағы бұрынғы құм карьеріне барды. Былтыр бұл аумақ қоқыстан толық тазартылған еді. Алайда сол жерде  қайтадан үйінділер пайда болған. Енді экологтар осындай аумақтарға бейнебақылау камераларын орнату жөнінде қалалық әкімдікке ұсыныс жолдады. «Қоршаған ортаға заңсыз қоқыс тастайтындар енді заң жүзінде жазаланады», - дейді мамандар.

Гүлжайнар Әбдірахманова, Ақтөбе облысы бойынша Экология департаментінің бас маманы:

- Егер де осы тұлға анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 344 бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес, яғни заңсыз, арналмаған жерге қоқыс шығарғандығы және тасымалдағаны үшін жеке тұлғаларға қатысты 40-50 АЕК айыппұл қарастырылған.