Балалар бақытты отбасы туралы не дейді?

Жанұя береке мен бақыттың ордасы. Кез келген қоғамның алтын діңгегіне айналар маңызды құрылым. Бала үшін де отбасының орны ерекше.

Балдырғандардан бақытты отбасы жайлы ойларын сұраған едік. Тыңдайық.

Блиц 1:

- Менің атам мені өте жақсы көреді. Ол маған кішкентай кезде ертегі және өлең айтып берді. Мен Отанды және отбасымды жақсы көремін.

Блиц 2:

- Мен үшін отбасы деген менің әкем, анам, қарындасым. Менің отбасым бақытты.

Блиц 3:

- Сыйлау керек, қамқор болу керек. Үлкендердің айтқанын тыңдау керек. Ананың айтқанын тыңдау керек, көмектесу керек. Өз отбасыңа өте қамқор болу керек.

Блиц 4:

- Менің ойымша, жақсы отбасы әке мен ананың ұрыспауы және өз ұлдарын-қыздарын дұрыстап өсіру.

Блиц 5:

- Отбасыда тату болу керек, бірін бірі сыйлау керек. Бір-біріне көмектесу керек. Мысалы анама көмектесемін, ол шаршайды. Жұмысқа барады. Сондай-ақ бізге тамақ анау-мынау жасауы керек. Сол үшін біз анаға немесе әкеге көмектесуіміз керек. Мысалы, үй жинап, тамақ жасау. Сондай-ақ біз ешқашан ұрыспау керекпіз.