Су тасқыны ЖИ арқылы бақыланады
Шығыс Қазақстан облысында табиғи апаттардың алдын алу үшін жаңа технология енгізіліп жатыр. Өзендер мен көлдерге арнайы «ақылды» құрылғылар орнатылады. Жүйеге қосылған датчиктер гидробекеттерден үздіксіз ақпарат жинап, су деңгейінің көтерілу қаупі мен қардың күрт еруі секілді факторлар ерте анықталады. Бұл төтенше жағдайлардың алдын алу мүмкіндігін арттырады. Өткен маусымда өңірде осы технология сынақтан өтті. Сол кезде «ақылды» компьютерлер қар көшкіні мен су тасқынын дәл болжаған.
Шығыс Қазақстан – республикадағы ең сулы да, нулы өңір. Елдегі су қорының 40 пайызы осы аймаққа тиесілі. Сондықтан облыс үшін су тасқыны қаупі әрқашан өзекті. Облыс орталығы Өскеменнен бөлек, 70 елді мекен тәуекел аймағына кіреді. Мәселен, Үлбі өзенінде су деңгейі күзде де көтеріліп кетеді. Жақында ғана осындай төтенше жағдай болып, Шнайдер көпірі опырылып кетті. Енді мұндай тәуекелдерді болжау инновациялық жобаның көмегімен жүзеге асырылады. Ол үшін облыстағы 49 гидробекетке айти-датчиктер орнатылады.
Шығыс Қазақстан облысында табиғи апаттардың алдын алу үшін жаңа технология енгізіліп жатыр. Өзендер мен көлдерге арнайы «ақылды» құрылғылар орнатылады. Жүйеге қосылған датчиктер гидробекеттерден үздіксіз ақпарат жинап, су деңгейінің көтерілу қаупі мен қардың күрт еруі секілді факторлар ерте анықталады. Бұл төтенше жағдайлардың алдын алу мүмкіндігін арттырады. Өткен маусымда өңірде осы технология сынақтан өтті. Сол кезде «ақылды» компьютерлер қар көшкіні мен су тасқынын дәл болжаған.
Дмитрий Левитанус, жоба жетекшісі:
- Бұл құрылғылар арқылы судың деңгейімен қатар ағыстың жылдамдығын да бақылай аламыз. Қар жамылғысының қалыңдығын, судың температурасын, ылғал деңгейін барлығын анықтауға мүмкіндік береді. Датчиктерден алынған деректі компьютерлер жасанды интелект арқылы өңдейді.
Жаңа жүйе екі режимде жұмыс істейді. Штаттан тыс жағдай туып, қауіп төнген сәтте шұғыл ақпар жолданады. Ал ұзақ мерзімді болжам жасау үшін сараптамалық режим бар. Жалпы төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында жасанды интеллекті қолдану тәжірибесі облыста бұрыннан бар. Осыған дейін техникалық университет ғалымдары қар көшкінін болжайтын құрылғылар жасаған.
Наталья Денисова, физика-математика ғылымдарының кандидаты:
- Қар көшкінін болжауға арналған жоба үш жыл бұрын жасалды. Менің ойымша болашақта оның ауқымы кеңейе түседі. қар көшкі уақытын ғана емес, оның көлемін де жасанды интелект арқылы анықтауға болады.
Ең бастысы, енді таулы аймақта қар деңгейін анықтау айтарлықтай жеңілдейді. Мамандар өз өміріне қауіп төндіріп, тау-тасты араламайды. Оның барлығы компьютерлік технология көмегімен атқарылады. 1 қазанға дейін өңірде жасанды интелектіні дамытудың жол картасы жасалады.
Авторлары: Елдос Кәкенов, Анель Есенбердина, Жигер Бабаканов