МӘМС жүйесі бойынша жеңілдіктер

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша бірқатар санаттағы жандар тісін тегін емдете алады. Сонымен, жоспарлы түрде тегін стомотологиялық қызметке 18 жасқа дейінгі балалар мен аяғы ауыр келіншектер жүгіне алады.

Сондай-ақ МӘМС жүйесіде ауырған балаларды шұғыл емдеу қарастырылған. Бұдан бөлек, жүкті әйелдер, зейнеткерлер, І,ІІ және ІІІ топтағы мүгедектігі бар жандарға тегін қызмет көрсетілуге тиіс. Шұғыл түрде тегін стомологиялық қызметті алатындар тізімінде атаулы әлеуметтік көмек алушылар, күміс және алтын алқасы бар көпбалалы аналар, І топтағы мүгедектігі бар жанды немесе мүгедек баланы қараушылар да бар.