Тұраққа қойылмаған самокат үшін жаза қандай?

Ішкі істер министрлігі самокотты жолға ретсіз тастап, жаяу жүргіншіге кесірін тигізгендерге 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салады. 

Егер қос дөңгелекті көлік иесі осы әрекетін тағы қайталаса айыппұл көлемі 1,5 есеге артады. Яғни 117 900 теңге төлейді. Ал самокатшы жол жиегіне шығып автокөліктер қозғалысына кедергі жасаса қолданушыға 3, жалға беруші компанияға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.