Елімізде дербес деректерді қорғау және киберқылмыстармен күрес күшеймек

Дербес деректерді таратқандар тартатын жазаны күшейту міндет. Сондай-ақ киберортадағы қауіпсіздік пен жауапты әрекет қағидаттарын халыққа кеңінен түсіндіріп, алдын алу жұмыстарын ширату қажет. Киберқауіпсіздік жөнінде Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізген Мемлекет басшысы бүгін құзырлы органдарға осындай тапсырма берді.

Әрі Президент киберқылмыстарды тергеуге қатысатын мемлекеттік органдардың құзыретін арттыру шараларына да тоқталды. Жиын барысында қазіргі заманғы киберқатерлер мен оған қарсы іс-қимыл әдістері, аса маңызды ақпараттық инфрақұрылымды қорғау, киберқауіпсіздік индустриясын дамыту және кадр даярлау жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды.