Үкіметте Жалпыұлттық жоспар қаралды
Үкімет сегіз бағытты қамтитын Жалпыұлттық жоспарды қарады, деп хабарлайды 24kz.
Құжат 87 іс-шарадан тұрады. Оның ішінде жаңа инвестициялық саясат, өнеркәсіпті нығайту, агроөнеркәсіпті дамыту, көліктік әлеуетті жүзеге асыру, Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және кәсіпкерлікті қолдау мен адами капиталды дамыту және парламенттік реформаны жүргізу сынды маңызды салалар бар.
Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндады. Оның сөзінше, инвесторлардың құқықтарын қорғау мақсатында Бас прокуратураның активтерді қайтару комитеті Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті ретінде қайта құрылатын болады. Ал экономиканың жоғары технологиялық секторларына Ұлттық қордан 1 млрд АҚШ долларына дейін инвестиция құйылмақ. Бұдан бөлек, Alatau city-де жаңа іскерлік белсенділік пен инновациялар орталығы жасақталып, Ұлттық банкпен бірлесіп Мемлекеттік цифрлық активтер қоры құрылады.