Биыл елде 21,7 млн тонна астық жиналмақ

Қазақстанда биыл 21,7 млн тонна астық жинау жоспарланған. Оның ішінде 16,2 млн тонна бидай жиналады деп күтілуде. Бұл өткен жылман салыстырғанда аз. 2024 жылғы елде 24,6 млн тонна астық жиналып, рекордтық деңгейге жеткен. Бұл туралы Қазақстанның Астық одағының талдау комитетінің басшысы Евгений Карабанов мәлімдеді.

Өткен жылы астық мол болып, сыртқа сатылған өнім көлемі де артты. Қазақстан астық экспорттайтын дәстүрлі нарықтар бар. Өнім негізінен Иран, Әзербайжан, Қытай елдеріне жіберіледі. Бірақ биыл жаңа мемелкеттік қолдау шаралары экспорттық мүмкіндіктерді арттырды.

Қазыбек Омаров, «Қазақстанның астық одағы» ЗТБ-нің ресми өкілі:

Биыл Үкіметтің қолдауымен,Ауыл шарушылығы министрлігінің бастауымен алыс шетелдерге экспортты субсидиялау бағдарламасы қабьылданды. Оған қаражат бөлінді. 1 қаңтардан бастап экспортқа кеткен транспорттық шығындар субсидияланатын болып шешілді. Соның арқасында Еуропа елдеріне, Солтүстік Африка елдеріне, Таяу Шығыс мемлекеттеріне экспорт едуір үлкейді. Соның арқасында біз биыл 18,6 млн тонна бүкіл астық, бидай, арпа, ұн бәрін қосқанда 18,6 млн тонна экспортқа қол жеткізіп отырмыз бұл Қазақстан тарихындағы ең үлкен экспорт көлемі.

Биыл астық сапасы төмен 

Сонымен қатар Астық одағының өкілі биыл астық сапасы жылдағылан төмен екенін атап өтті. Ол мұны тамыз айында, астық құю кезеңінде салқын және жаңбырлы ауа райы болғанымен байланыстырып отыр. Жалпы осы жылы егін жинау құрылымында азықтық бидай 50%-дан асады, бұл елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті.