Қазақстанда салықтық рулинг бастамасы енгізілуі мүмкін
Бүгін жаңа жүйенің жәй-жапсары төменгі палатада талқыланды.
Дөңгелек үстелге депутаттар, мемлекеттік орган өкірдері мен кәсіпкерлер қатысты. Рулинг – қазіргі заманғы салық жүйесінің маңызды құралы. Ол кәсіпкерлерге сенімділік пен тұрақтылық береді. Сарапшылар пайымынша, саладағы тың бастама мемлекет пен бизнес арасындағы байланысты нығайтады.
Ирина Смирнова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Меніңше бұл бастама әсіресе, кәсіпкерлер қауымына қолайлы жағдай жасауға бағытталып отыр. Істің көзін тауып, кәсібін ілгерлетуге ниеттілерге кедергі емес керісінше қолдау болады деп сенемін. Кәсіпкерлер көбіне тиісті бір салық төлеген кезде берешектің салмағын түсіне бермейді. Бастамада осы мәселе толық қарастырылған. Салықтық рулингі қолданылса, кірістер органдары мен кәсіпкерлердің байланысы нығая түсері анық.