Жетісу облысында «Десант-2025» оқу-жаттығуы өтті

Жетісу облысындағы «Көктал» оқу-жаттығу полигонында «Десант-2025» оқу-жаттығуы өтті. Оған 3 мыңнан астам әскери қызметші біріктірілген.

Десанттық-шабуылдау әскерлері жауынгерлік құжаттарды әзірлеп, шынайы ұрыс жағдайына барынша жақындатылған тапсырмаларды орындап, төрт тәулік бойы қорғалған командалық пункттерде жұмыс жүргізді. Оқу-жаттығу барысында заманауи техника мен стратегиялар қолданылды.

Дәурен Қосанов, ҚР Қорғаныс министрі:

- Десанттық-шабуылдау әскерлері ең мобильді, кәсіби және жауынгерлік қабілеті жоғары құрылымдардың бірі. Сіздер әрдайым ел мүддесі үшін қызмет етуге даярсыздар.