Отандық өнім ішкі нарықты толық жабады

Қазақстанның ішкі нарығы өз өндірісінің азық-түлігімен толық қамтамасыз етеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров хабарлады. Министр мәліметінше, соңғы 8 айда тамақ өнімдерін өндіру 10,1%-ға артып, 2,5 трлн теңгені құраған. Әсіресе ақ күріш пен қарақұмықты тұтыну кезінде халық өзге елден жеткен өнімге алақан жаймайды. Әкімдіктер тұрақтандыру қорлары арқылы ғана емес, сауда желілері мен көтерме сатушылар тарапынан да талап етілетін өнім көлемдерін қамтамасыз етуге атсалысу керек. Қолжетімді бағамен нарыққа жеткізілуін де қамтамасыз етуге міндетті. Бұл мақсатта өңірлерде ауыл шаруашылығы өндірушілерін «айналым схемасы» бойынша қаржыландыру үшін 100,0 млрд теңге қарастырылған.

Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- Бөлінген қаражатты тиімді пайдалану арқылы ішкі нарықты қажетті азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етіп, баға тұрықтылығын қамтамасыз ету керек. Біз мал шаруашылығы өнімдерін жеткілікті көлемде өндірудеміз. Сиыр, қой, жылқы, жұмыртқа өнімдері ішкі сұранысты толығымен жабады.